Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин: Бұл жекпе-жектің оңай болмайтынына жүз пайыз сенімдімін

Головкин: Бұл жекпе-жектің оңай болмайтынына жүз пайыз сенімдімін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық спортшы Ванес Мартиросян жекпе-жек алдында көз түйістірді.

Екі спортшы арасындағы жекпе-жек  Лос-Анджелестің маңындағы StubHub орталығының аренасында өтеді. Спорттық мансабында 40-тан астам жекпе-жекке шыққан Ванес Мартиросян 36 рет жеңіске жеткен. Ол өмірінде үш рет жеңіліс көріп,  бір жекпе-жегін тең аяқтаған. Бүгінде әлем чемпионы қазақстандық спортшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасатын америкалық боксшы Головкинді жеңе алатындығына сенім білдірген болатын.
Ал  Геннадий Головкин журналистерге берген сұхбатында өзінің қарсыласына үлкен құрмет танытып, оның мықты, әрі тәжірибелі боксшы екенін айтты. Сонымен қатар, қазақстандық боксшы GGG  Мартиросянмен өтетін айқастың оңай болмайтынын да айта кетті.
«Ванесті көп уақыттан бері білетінмін. Бәлкім, 2004 жылдан бері олимпиада ойындарынан бері жақсы тани бастадым. Ол өте мықты, тәжірибелі спортшы. Оның стилі жақсы және мықты командасы бар. Мен оны құрметтеймін, ол калифорниялық жақсы жігіт. Оған қарап көріңіздер, ол кері шегінбейді. Көптеген адамдар бұл оңай күрес екенін айтады, бірақ олай емес. Бұл күрестің оңай болмайтынына жүз пайыз сенімдімін. Бұл бокс, сондықтан алда не болатынын ешкім білмейді», – дейді орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин.

Stan.kz
24 сәуір 2018 ж. 1 495 0