Данияр Елеусінов Головкин айқасының андеркартында өнер көрсетеді

Бұл туралы қазақстандық боксшының менеджері Зия Әлиев айтты. «Даниярдың жекпе-жегінің өтетін күнін 25 мамырдан 8 маусымға - Геннадий Головкиннің кешіне ауыстыруды жөн көрдік. Айқас 10 раундтан тұрады, ал оның қарсыласын жақында жариялаймыз», - деді дереккөз. Еске салайық, 8 маусымда орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Нью-Йоркте жеңіліп көрмеген канадалық Стив Роллспен (19-0, 10 КО) кездеседі.