Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин мен Роллстың жекпе-жегіне бір ай қалды

Головкин мен Роллстың жекпе-жегіне бір ай қалды

Бұл туралы боксшының өзі жазды. Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс арасындағы жекпе-жекке бір ай қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы GGG Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Головкин мен Роллстың кездесуі басты жекпе-жек болатын бокс кеші 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша бұл 9 маусымда таңертең болады. Жекпе-жек келісілген 164 фунт салмақ бойынша өтеді. 37 жастағы қазақстандық үшін бұл жекпе-жек DAZN стримингтік сервисімен келісім-шарт бойынша, алты кездесудің біріншісі және мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен болған даулы жекпе-жектен кейінгі бірінші болады. Бұл шоудың андеркартында тағы екі қазақстандық өнер көрсетеді - Әли Ахмедов пен Данияр Елеусінов. Осы категория бойынша: « Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің жартылай финалына шықты.
https://24.kz/
10 мамыр 2019 ж. 895 0