Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елеусінов Головкиннің бокс кешінде жұдырықтаспайтын болды

Елеусінов Головкиннің бокс кешінде жұдырықтаспайтын болды

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) канадалық Стив Роллсқа (19-0, 10 КО) қарсы жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтаспайдыОлимпиада чемпионы жекпе-жек күнін қайтадан өзгертті, бұл туралы ол Instagram желісі арқылы хабарлады. Еске салайық, қазақстандық боксшы бастапқыда осы күні жұдырықтасатын болған. Алайда кейін Елеусіновтің менеджері Зия Алиев GGG 8 маусымда жұдырықтасатын Madison Square Garden аренасында жекпе-жек өткізу туралы хабарлаған. Айта кетейік, Головкин - Роллс жекпе-жегінің ресми кардында Елеусіновтің рингке шығатыны құлақтандырылмады.
https://kaz.tengrinews.kz
16 мамыр 2019 ж. 741 0