Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкиннің алдағы жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Головкиннің алдағы жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс арасындағы жекпе-жектің уақыты белгілі болды.

Бокс кешінің басты жекпе-жеuі Ұлыбритания уақытымен 04:00-де басталады. Қазақстан уақыты бойынша 9 маусымда, сағат 09:00-де басталады.
Еске салайық, жекпе-жек 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстандық боксшы үшін бұл жекпе-жек DAZN-мен үш жылдық келісім-шарт бойынша бірінші айқас болмақ. Сондай-ақ, GGG жаңа жаттықтырушы Джонатан Бэнкспен бірге бірінші жекпе-жекке шығады.
Осы кештің андеркартында тағы бір қазақстандық спортшы Әли Ахмедов орташа салмақ дәрежесінде (14-0, 10 КО) өнер көрсетеді. 
Головкин үшін бұл кәсіби рингтегі 41-жекпе-жегі. Жекпе-жектің 38-ін спортшы жеңіспен аяқтады. Оның 34-і нокаутпен аяқталды. Сауль Альвареспен жекпе-жегінің бірі теңдей, бірі жеңіліспен аяқталды
Ал Роллс үшін бұл оның 20-айқасы болады. Бұрынғы 19 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен. Он айқасты мерзімінен бұрын аяқтаған.
http://stan.kz
27 мамыр 2019 ж. 622 0