Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Әли Ахмедов Головкин-Роллс жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсетеді

Әли Ахмедов Головкин-Роллс жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсетеді

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (14-0, 10 КО) орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсетедіОсы ретте BoxingScene.com және FightClub.com.tr порталдарының шолушысы Сихат Гемичи жеңіліп көрмеген Әли Ахмедовке қатысты пікір білдірді. Айта кетейік, 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Әли Ахмедов америкалық Абрахам Ханмен жұдырықтасады. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. "Әли Ахмедовтің бірнеше кездесуін көрдім, ол онда нокауттармен жеңіске жеткен болатын. Өте қарапайым жігіт, нағыз шоу жасай алады. (...) Ханды нашар боксшы деп санамаймын. Ол да мықты қарсыластармен жұдырықтасты, бірақ Ахмедовтің деңгейі басқа. Ол болашақ чемпион. Ол мерзімінен бұрын жеңіске жетуі мүмкін деп ойлаймын", - деді Гемичи.
https://kaz.tengrinews.kz
17 мамыр 2019 ж. 170 0