Сайлау-2023: Қорытынды статистика ертең ұсынылады

Елдегі барлық учаскелерде дауыс беру аяқталды.
Дауыс беру тек елден тыс жерлерде 44 учаскеде жалғасады. Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының қорытынды статистикасы ертең ұсынылады, - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.
Өңірлердегі учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды.
Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21.00-де мәресіне жетті.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 19 наурызда елорда уақытымен сағат 22.10-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 54,19 пайызы немесе 6 млн 521 мың 860 адам бюллетеньдер алды.