Аралдықтардың қанша пайызы дауыс берді?
tolqyn.kz. 20 қараша ел тарихында елеулі орын алатын саяси науқан ретінде тарихқа енді. Бұл күні қазақстандықтар президент сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасады. Орталық сайлау комиссиясы саяси науқан басталған шақтан бастап ұдайы еліміз бойынша әр өңірдің сайлауға қатысу белсенділігін талдап ақпарат беріп отырды.
Респулика бойынша дауыс беру уақыты кешкі сағат 20. 00 тоқтатылды. Ал аймақтағы сағат белдеуінің шекарасына сәйкес Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстары Астана уақытымен 21,00 дауыс беруді тоқтатты.
Облыс бойынша Қызылорда облысында дауыс беруге мүмкіндігі бар тұрғындарыдың 81,07 пайызды қатыстып, респулика бойынша екінші орынға ие болды. Саяси науқан кезінде аралдықтар да белсенділік танытты. Ауданға қарасты 55 сайлау учаскесінен тұрақты мәліметтер келіп отырған. Бұл туралы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Зағатов мәлімдеме жасады.
– Аудандағы сайлаушылар тізіміне енгізілген 45837 адамның 42437-сі дауыс берді. Әр сайлау учаскелері уақытыл ақпарат таратып отырды. Атап өту керек, дауыс беруді Аққұм ауылдық округі тұрғындары алғаш болып аяқтады, - дейді.
"Толқын" ақпарат.