Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » №42 сайлау учаскесінде дауыс берушілердің қарасы қалың

№42 сайлау учаскесінде дауыс берушілердің қарасы қалың

25 шілде – Қазақстанның саяси жаңғыруының жаңа кезеңі. Оны өзім дауыс бергелі барған №42 сайлау учвскесіне қатысқан сайлаушылардың белсенділігінен көруге болады. Дауыс берушілерді тіркеп отырған учаске мүшелерінің айтуынша, осы аймақтың өзінен түске дейін 900-ге жуық тұрғын дауыс берген екен.
Бір жағынан өзім дауыс бере отырып, сайлаудың бағдарын білгім келді. Біздің сайлау учаскесіне дауыс берушілердің белсенділігі қуантады. Мұндағы учаскеде жұмыс жақсы ұйымдастырылған. Дауыс берушілердің қарасы қалың. Адамдар емін-еркін өз таңдауын жасауда. Есік алдына дастархан жайылып, әрбір дауыс беруші тұрғын наннан дәм татып,  ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіруде. 
Әлі де саяси науқанның аяқталуына бірнеше сағат уақыт бар. Әрбір тұрғын мұндай саяси науқан кезінде немқұрайлылық танытпағаны абзал. Себебі ел болашағы кез келген азамат үшін маңызды. 

К. ЗДЕНОВА 
05 маусым 2022 ж. 471 0