Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық бірауыздан саяси науқанға атсалысуда

Халық бірауыздан саяси науқанға атсалысуда

№42 референдум учаскесіне алғашқы сағаттың өзінде-ақ, адамдар көптеп келе бастады. Біздің учаскеде дауыс берушілердің өз таңдауларын жасауына қолайлы жағдайлар жасалған. Таңмен таласа қарттар да, еңбек ардагерлері де, қала тұрғындары да өз таңдауларын жасап, дауыс беруде. «Конституциялық өзгерістер – бұл сая­си реформа ғана емес, сонымен бірге біз­дің қоғамдағы үлкен өзгеріс. Бұл күн жалпыхалықтық референдум күні болып белгілендіктен, халық бірауыздан саяси науқанға атсалысуда. Мен осы учаскенің сайлау мүшесі ретінде жұртшылықтың қолдап, үлес қосқаныма қуаныштымын.
Келешек жастардың қолында. Ел тарихындағы осындай саяси оқиғаның №42 сайлау учаскесінің мүшесі болғаныма, ел болашағы үшін жасалып жатқан реформаға тамшыдай болса да үлес қосқаныма қуаныштымын. Елеулі өзгерісті қалайтын, ел тағдырына алаңдайтын барлық азаматтарды, жастарды бүгінгі шарадан қалыс қалмайды деген сенімдемін.

Ақгүл ЕРЖЕТҚЫЗЫ,
№3 кітапхана меңгерушісі,
№42 сайлау учаскесінің мүшесі

05 маусым 2022 ж. 419 0