Бүгін елімізде жалпыхалықтық референдум өтуде
Арал ауданы бойынша да 55 сайлау учаскесі сағат 7:00-де ашылып, қызу жұмыстарын бастап кетті.
Аудан бойынша дауыс беруге 45 861 сайлаушы тіркелген. Тұрғындар өз таңдауларын жасауда. Ең алғаш болып дауыс берген тұрғындарға сайлау учаскелерінде сыйлықтар берілуде.
