Ауыл әкімдерінің сайлауы : Аралдықтардың 78 % дауыс берді

Еліміздегі алты саяси партия ауыл әкімі болуға өз кандидаттарын ұсынды.
Қызылорда облысы бойынша жергілікті уақыт сағат 17.00-ге келіп түскен ақпараттар бойынша келушілер саны 25 873 - 71.7% құрап отыр.
Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 6251 – 78.0 % құрап отыр
Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушы, келушілер саны 2055 – 76.9%
Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы, келушілер саны 1786 – 52.4%
Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 3596 келушілер саны 2601 – 72.3%
Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы, келушілер саны 2010 – 71.6%
Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы, келушілер саны 3035–71.8 %
Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша 11340 сайлаушы, келушілер саны 8135 – 71,7 %
Сайлау барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар аңықталған жоқ, арыз – шағымдар түскен жоқ.
40 сайлау округі бойынша 151 кандидат ұсынылған. 131 кандидат тіркеліп, солардың 122-і бюллютеньге енгізілген. Кандидаттардың басым бөлігі – өз-өзін ұсынушылар.