Қызылорда тұрғындарының 63,2%-ы сайлауға қатысты

Қызылорда облысы бойынша 54 сайлау учаскесінде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 36 071, жергілікті уақыт сағат 15.00-ге келіп түскен ақпараттар бойынша келушілер саны 22 792 - 63,2% құрап отыр», - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев.
Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 5405 – 67,4 % құрап отыр.
Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушы, келушілер саны 1811 – 67,8%.
Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы, келушілер саны 1264 – 37,1%.
Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 3596 келушілер саны 2347 – 65,3%.
Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы, келушілер саны 1560 – 55,6%.
Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы, келушілер саны 2740–64,9 %.
Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша 11340 сайлаушы, келушілер саны 7665 – 67,6 %.
Сайлау барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар аңықталған жоқ, арыз – шағымдар түскен жоқ.