Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында сайлаушылардың 78 пайызы дауыс берді

Қызылорда облысында сайлаушылардың 78 пайызы дауыс берді

Қызылорда облысында сайлаушылардың 78 пайызы дауыс берді

Жалпы, облыс бойынша 54 сайлау учаскесінде сайлаушылар өз дауыстарын беруде.

Сайлау жергілікті уақыт сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтуде. Аумақтық сайлау комиссияларының деректері бойынша дауыс беруге 36071 сайлаушы қатысады. Бюллетеньдер саны – 36 432 дана. Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша тізімге кірген сайлаушылардың 28 118, яғни 78,0 пайыз дауыс берді.

Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 6867 – 85,6% құрап отыр

Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушы, келушілер саны 2182 – 81,6%

Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы, келушілер саны 2263 – 66,4%

Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 3596 келушілер саны 2919 – 81,2%

Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы, келушілер саны 2446 – 87,1%

Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы, келушілер саны 3138–74,3 %

Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша 11340 сайлаушы, келушілер саны 8303 – 73,2 %

Сайлау барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар аңықталған жоқ, арыз – шағымдар түскен жоқ.

syrboyi.kz​​​
25 шілде 2021 ж. 513 0