Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысына бюллетеньдер жеткізілді

Қызылорда облысына бюллетеньдер жеткізілді

Сайлауға 3 күн қалғанда бюллетеньдер сайлау учаскелеріне бөлініп берілетін болады, деп хабарлайды «Хабар 24». Бірер күн бұрын Орталық сайлау комиссиясынан Қызылорда облысына тиісті көлемдегі дауыс беру парақшалары жеткізілді. Олар аудан мен қала орталығындағы дауыс берушілердің жалпы санына сай бөлініп, аумақтық сайлау комиссияларына жеткізіле бастады. Айта кетейік, 490 мың 898 сырбойылық азамат сайлауға қатысады. Қазір өңірде 366 сайлау учаскесі алдағы саяси науқанға толық дайын. Абайбек Жүнісов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы: - Бүгінгі күні облыс аумағында ЕҚЫҰ-ның тәуелсіз байқаушылары жұмыс жасап жатыр. 8 маусымнан бастап ТМД мемлекеттері Парламентаралық ассамблеясының миссиясындағы халықаралық байқаушылар келеді деп күтілуде. Сонымен бірге 9 маусымдағы ҚР кезектен тыс Президент сайлауына барлық сайлаушыларды өзінің таңдауын жасауға, дауыс беруге шақырамыз.
https://24.kz
06 маусым 2019 ж. 1 093 0