Орталық сайлау комиссиясы 125 байқаушыны аккредиттеді
ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 9 маусымға белгіленген кезектен тыс президенттік сайлауға 125 байқаушыны аккредиттеу туралы қаулы қабылдады. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдинаның айтуынша, 109 байқаушы бес халықаралық ұйым: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеясынан, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы мен Ислам ынтымақтастық ұйымынан; 16 байқаушы Армения, Болгария, Грузия, Малайзия, Молдова, Латвия, Ресей Федерациясы және Түркияның орталық сайлау органдарының өкілдері болып табылатын 8 шет мемлекеттен аккредиттелді. «2019 жылғы 2-23 мамыр аралығында Сыртқы істер министрлігінен бірқатар Миссияның байқаушыларын аккредиттеуге ұсыныстар келіп түсті: 19 байқаушы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар Миссиясының құрамында; 24 байқаушы Шанхай ынтымақтастық ұйымынан байқаушылар Миссиясының құрамында; 10 байқаушы Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясынан; 63 байқаушы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламентаралық Ассамблеясынан болды. Сонымен қатар Әзербайжан, Беларусь, Латвия және Моңғолияның орталық сайлау органдарының өкілдері болып табылатын шет мемлекеттерден 7 байқаушы ұсынылып отыр», - деді ол. Айта кетейік, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2019 жылғы 3 маусым күнгі сағат 18:00-ге дейін жүзеге асырады. Бүгінгі күнге дейін халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден байқаушылар тарапынан тіркелген саны 248 адамды құрайды.
https://24.kz/