Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлауды бақылайтын ТМД миссиясы жұмысын бастады

Сайлауды бақылайтын ТМД миссиясы жұмысын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Достастық мемлекеттерінің кезектен тыс Қазақстан президенті сайлауын бақылау миссиясы жұмысқа кірісті. Бұл туралы Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары – ТМД атқарушы хатшысы Виктор Гуминский Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте мәлімдеді.

«Бүгін ТМД атынан Қазақстан президенті сайлауын бақылау миссиясы жұмысын бастады. Миссия штабы құрылды. Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауына дайындалу мен өткізу барысын бақылау бойынша қызметтік міндеттерді орындауға миссиямызды дайындау жұмыстарын жүргіземіз», - деп айтты Гуминский. 
Оның айтуынша, ТМД миссиясының құрамында шамамен 300 байқаушы болмақ. 

«Украинаны қоспағанда Достастық, ПАА, Белоруссия мен Ресей одағының парламенттік жиынына қатысушы мемлекеттерге шақыру жібердік. ТМД миссиясының құрамында шамамен 300 байқаушы болады деп күтіп отырмыз», - деді ол
Қазіргі таңда достастық елдерінің шамамен 90 өкілі аккредитацияға өтінім жіберген және келіп түсіп жатыр. Ресей Федерациясы, Беларусь, Тәжікстан, Түрікменстан секілді төрт елден, сондай-ақ ТМД ПАА-дан ресми өтінімдер алған.
Нұр-Сұлтанда аккредиттелген дипломатиялық корпустан және ТМД атқару комитетінен шамамен 20 адам кезектен тыс сайлауда байқаушы ретінде жұмыс істейді.
Сондай-ақ, Гуминскийдің сөзінше, ТМД атқару комиететі Украинаны қоспағанда, достастыққа қатысушы елдерді бақылаушы ретінде қатысуға шақырады. 
Ол Қазақстанның барлық аумағында ТМД байқаушылары жұмыс істейтінін және атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшы Сергей Лебедев президент сайлауын байқау бойынша ТМД миссиясы басшысы қызметін атқаратынын айтты.
Назерке Абибулла.
https://baq.kz
20 мамыр 2019 ж. 734 0