Кеңесіп жасалған қадам

Әрине, мемлекет болған соң басшысыз болмайды. 2020 жылы өтуі қажет сайлауды мерзімінен бұрын кезектен тыс өткізу жан-жақты талқыланып жасалған әрекет деп ойлаймын. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесіп жасалған қадам екенін атап көрсетті. Ендігі кезекте халық белсенді қатысып, өз таңдауын жасауы керек.
Сонымен бірге, Президент сайлаудың әділ өтуіне кепілдік беретінін айтты. Яғни, ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ете отырып мемлекет басшысы анықталуы тиіс. Бұл ел келешегі үшін маңызды.
Әлібек Ізбасаров,
"Жастар ресурстық орталығы"
Арал аудандық филиалының директоры.