Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел ертеңі үшін маңызды

Ел ертеңі үшін маңызды

         Кез келген мемлекет үшін Президент сайлауының маңызы ерекше. Себебі, халық еркін таңдау арқылы елдің басшысына мемлекет келешегін тапсырады. Сондықтан әрбір мемлекет тұрғынының сайлау алдындағы жауапкершілігі жоғары деп ойлаймын.
         Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау өтетінін мәлімдеді. Жолдаған үндеуінде Мемлекет басшысы жоғары биліктің заңды және бейбіт жолмен ауысқанын, бұны бүкіл әлем қоғамдастығы түсіністікпен және құрметпен қабылдағанын айтты. Сондай-ақ, Президент ретінде жауапкершілікті терeң сезінетінін жеткізіп, кезектен тыс сайлаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл елдің ертеңі үшін қабылдаған шешім. Тұрақтылық пен тұтастықты қамтамасыз ету үшін, сыртқы және ішкі сын-қатерлердің алдын алу үшін осындай қадам жасалғаны дұрыс деп есептеймін. Сондықтан екі ай уақыт қалған сайлауға бір кісідей жұмылып, ауызбірлікпен атсалысып, халық өз таңдауын жасауда жұмылған жұдырықтай болуы керек деп есептеймін.

Алтынбек ҚЫСТАУБАЕВ,
№13 орта мектебінің мұғалімі.
10 сәуір 2019 ж. 1 158 0