Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Лондонда суретке түспекші болған туристі жылқы тістеп алған

Лондонда суретке түспекші болған туристі жылқы тістеп алған

21 шілдеде Лондонда Уайтхолл жанында Корольдік гвардия жылқысымен суретке түспекші болған туристі жануар тістеп алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Metro басылымының хабарлауынша, ғимаратта «Абайлаңыз! Жылқылар теуіп жіберуі немесе тістеп алуы мүмкін» деген ескертпе бар. Алайда туристер бұған аса мән бермей, салдарынан түрлі дене жарақаттарын алады.

«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қанша тырысқанымызбен, жылқылар тістеп немесе теуіп жіберуі мүмкін. Халықты ескертулерімізге құлақ асуға шақырамыз», деп мәлімдеген Корольдік гвардия өкілдері.

Оқиға видеоға түсіп қалған. Бұған дейін әйел өз тобында тағы бір туристің жылқы тістеп алғанын көрген, бірақ ол суретке түсу үшін жақындауға бел буған. Жылқының реакциясы белгідегі ескертуді растаған. Әйелдің жақындап келе жатқанын байқаған ат басын бұрып, оның қолынан тістеп алған.


Сурет: ашық дереккөз 
23 шілде 2024 ж. 232 0