Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстанда аю зоопарк қызметкерін мерт қылды

Өзбекстанда аю зоопарк қызметкерін мерт қылды

Әндіжан облысында аю өзін тамақтандыруға келген зоопарк қызметкерін тістеп алған. Ер адам оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 3 қаңтар күні 16:00 шамасында болған. Зоопарк қызметкері аюды тамақтандырмақ болып, оның торына кірген. Жануар оны бас салып, мойнынан тістеп алады. Ауыр жарақат алған ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Қожаабат аудандық ІІБ Тергеу бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

2018 жылдың желтоқсанында дәл осы хайуанаттар бағында күзетшіге екі арыстан шабуыл жасаған болатын. Зоопарк ол кезде әлі ресми түрде ашылмаған еді.
07 қаңтар 2023 ж. 1 109 0