Қызылордада Toyota Camry аялдамада тұрған адамдарды соқты: үшеуі көз жұмды

Жол апаты салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды, екеуі ауруханаға жеткізілді.
Кінәлі жүргізуші бірден анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған. Тиісті сараптамалар белгіленді.
Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлімі (Жол қозғалысы және көлікті пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейнігі тергеу жүргізіліп жатыр.
Егер жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, ол 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін және 7 жылға дейін белгілі лауазымдарды иелену немесе қызметпен айналысу құқығынан айырылады.