Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Париж Олимпиадасын 15 миллионға жуық турист тамашалады

Париж Олимпиадасын 15 миллионға жуық турист тамашалады

Олимпиаданы тамашалау үшін Парижге 15 миллионға жуық турист барған, деп хабарлайды Egemen.kz.

ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындары кезінде 10 млн-ға жуық билет сатылды. Бұл − рекордтық көрсеткіш. Бұған дейін 1996 жылы Атлантада өткен жазғы ойындарда 8 млн билет сатылған еді. Осылайша, биыл 28 жыл сақталған рекорд жаңарды. Сондай-ақ 45 мың ерікті спортшылар мен қонақтарға қызмет көрсетті.

26 шілдеде басталып, 11 тамызға дейін жалғасқан төртжылдықтың басты додасында Қазақстан 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль иеленді.

Сурет: ашық дереккөз 
12 тамыз 2024 ж. 151 0