Қытайда бір қаланы су шайып кетті

Толассыз нөсер жауыннан өзендер арнасынан тасып кеткен. Хулудао шаһарында 7 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тасқын судың құрсауында қалған 100-ден астам тұрғын құтқарылды.
Елдің солтүстік-шығысындағы 28 елді мекенде жарық пен байланыс үзілген. Зардап шеккендер тікұшақпен шығарылып жатыр.
Аймақта төтенше жағдай жарияланды.
Сурет: baq.kz