Түркияда нөсерден тарихи орындар су астында қалды

Марица өзені арнасынан асып, Эдирне қаласындағы бірнеше тарихи орын су астында қалған. Өзендегі көпірлер де уақытша жабылған. Табиғат апатынан қаза тапқандар мен жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ. Айта кетейік, 2015 жылы да осы аймақта елді мекендерді су басып, жүздеген тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген еді.
Baq.kz