Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай соңғы 50 жылда алғаш рет зейнет жасын көтерді

Қытай соңғы 50 жылда алғаш рет зейнет жасын көтерді

Қытайда ерлер үшін зейнет жасы 60 жастан 63 жасқа дейін ұлғаяды. Кеңседе жұмыс істейтін әйелдер үшін – 55 жастан 58 жасқа дейін, жұмысшы мамандықтағы әйелдер үшін – 50 жастан 55 жасқа дейін өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Xinhua басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайлық басылым мәліметінше, зейнеткерлік жастың ұлғаюы 2025 жылы басталып, 15 жыл ішінде жүзеге асады.

Зейнет жасына жақындаған азаматтарды жұмысқа алмаған компанияларға қандай жаза қарастырылған
У қосылған дәрі мен зейнет жасының төмендеуі: Қазақстанда жиі тарайтын фейк ақпараттар қандай
Қытайда зейнеткерлік жас 1978 жылдан бері алғаш рет көтерілді. Жаңа жүйенің қабылдануына халық санының азаюы (елдегі өлім деңгейі екінші жыл қатарынан туу көрсеткішінен асып түсуде) және жұмыс істейтін халыққа қатысты зейнеткерлер үлесінің артуы себеп болды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтар зейнет жасын төмендету туралы петиция жарияланған еді. 14 маусымда жарияланған зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендету туралы петиция небәрі 6,7 мың қол жинап, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданған.

Сурет: stan.kz
16 қыркүйек 2024 ж. 406 0