Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Иракта әйелдерді ажырасу және мүлікке иелік ету құқығынан айырмақ

Иракта әйелдерді ажырасу және мүлікке иелік ету құқығынан айырмақ

Ирак билігі қыздардың неке жасын 18-ден 9 жасқа дейін төмендетіп, көп құқығын шектеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ашық консервативті шиит мұсылман партиялары ұсынған жаңа заң жобасында жеке адамның мәртебесі туралы заңға бірнеше түзету енгізіледі. 
Әйелдер мына құқықтарынан айырылады:
  • Ажырасу құқығы;
  • Балаға қамқорлық;
  • Мұрагерлік, мүлікке ие болу құқықтары.
Билік коалициясы мұндай ережелер ислам заңдарының қатаң түсіндірмелеріне сәйкес келеді және жас қыздарды "әдепсіз қарым-қатынастардан" қорғауға бағытталған деп санайды.
Консервативтік шиит мұсылман партияларының коалициясы  "жеке мәртебе туралы заңның" күшін жоятын түзетуді дауысқа салуға дайындалып жатыр.
Билік коалициясы бұл қадам ислам заңдарын қатаң сақтап, қыздарды "әдепсіз қарым-қатынастардан" қорғауға бағытталған деп санайды.
16 қыркүйекте 188 заңға түзету екінші оқылымда қабылданды.
Бұған дейін де билік 2014 және 2017 жылдары оны өзгертпек болды. Бірақ әйелдердің қарсылығына байланысты сәтсіз аяқталды. Алайда биыл оның қабылдану ықтималдылығы жоғары.
Ирактықтар неке жасын қыздар үшін 9-ға түсіруді ұсынады. Сөздерінше, мұндай тіркелмеген некелер Ирактың экономикалық тұрғыдан кедей, тым консервативті шииттік қауымдастықтарында қазір де бар. Енді оны ресми заңдастырмақ. Сөздерінше, неке заңмен мойындалмағандықтан, қыздар мен олардың балалары ауруханаларда қараусыз қалады.
Human Rights Watch ұйымы бұл діни некелер қыздардың жыныстық және физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырау қаупін арттырып, олардың білім алу мен жұмысқа орналасу мүмкіндігін шектейді деп мәлімдеді.
10 қараша 2024 ж. 187 0