Қазақстан мен Марокко өзара визасыз режим енгізеді
Қазақстан мен Марокко өзара визасыз режім енгізеді. Үкімет дайындаған қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қос тарап визасыз режім енгізу туралы келісімге 2024 жылдың қыркүйегінде қол қойған еді. Енді бұл құжатты рәсімдеу жұмыстарымен Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі айналысып жатыр.
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Марокко Корольдігі Үкіметі арасындағы ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімді бекіту жөніндегі Үкімет қаулысының жобасын әзірлеу жұмыстарын бастады», делінген министрлік хабарламасында.
Екі ел арасында визасыз режім енгізу туралы шешім достық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында қабылданған. Сондай-ақ бұл Қазақстан азаматтары мен Марокко Корольдігінің жарамды ұлттық жалпыазаматтық паспорт иелерінің туризм мақсатында тиісті елдерге кіруін жеңілдетеді.
Сурет: egemen.kz