Қытайға, Вьетнамға және Мысырға жаңа рейстер ашылады

2025 жылдың наурыз айынан бастап «Air Astana» әуекомпаниясы Вьетнамға аптасына 4 рет жиілікпен Алматы-Нячанг және аптасына 3 рет жиілікпен Астана-Нячанг бағыттары бойынша және аптасына 3 рет жиілікпен Алматы-Гуанчжоу бағыты бойынша Қытайға жаңа маршруттар ашады.
Көктемгі-жазғы маусымынан бастап «Air Cairo» әуекомпаниясы аптасына 1 рет жиілікпен Қостанай-Шарм-эль-Шейх және аптасына 2 рет жиілікпен Алматы-Хургада бағытында рейстер ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ аптасына 1 рейс жиілігімен Алматыдан Эль-Аламейнге рейстерді қайта бастау жоспарланып отыр.
Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Сурет: Нұрболат Нұржаубай