Қытайда күшті жер сілкінісі болды
12 мамырға қараған түні Қытайда магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.Мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісінің ошағы шамамен 80 мың адам тұратын Шигацэ қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 124 шақырым жерде орналасқан.
Апат ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Оқиға салдарынанан қайтыс болғандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Фото: baq.kz










