Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды

Орталықтың жедел ақпаратына сәйкес, 21 маусымда Астана уақытымен сағат 07:13-те Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралас аймағында жер сілкінісі болды.
"Жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендік 42.48 градус, шығыс бойлық 79.71 градус. MPV магнитудасы - 4", - делінген хабарламада.Қырғызстандық БАҚ мәліметтері бойынша, магнитудасы 3,5 жер сілкінісі ошағы Ақ-Суй ауданы Эчкили-Таш ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25 шақырым, Тюп ауданы Кен-Суу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 32 шақырым, Қаракөлден оңтүстік-батысқа қарай 103 шақырым жерде орналасқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, құрбандар мен қирау болған жоқ.