Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанның оңтүстігінде бірнеше рет жер сілкінді

Қырғызстанның оңтүстігінде бірнеше рет жер сілкінді

Бүгін Қырғызстанда үш рет жер сілкінді, тағы бір жер сілкінісі қырғыз-тәжік шекарасына жақын жерде болды.

Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметінше, алғашқы жер сілкінісі сағат 08:36-да болған, эпицентрдегі жерасты дүмпулерінің күші шамамен 3 балды құраған.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында: Тоскоол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 шақырым жерде, Маулуу-Суу қаласынан шығысқа қарай 18 шақырым жерде, Жалал-Абад қаласынан солтүстік-батысқа қарай 43 шақырым жерде орналасқан. Қырғыз Республикасының елді мекендерінде жер сілкінісінің күші Тоскоол ауылында 2 балл шамасында болды.

Сондай-ақ сағат 09:15-те Тәжікстан аумағында эпицентрінде күші 3 балдық жер сілкінісі болды. Оның ошағы Баткен қаласынан оңтүстікке қарай 110 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулері Қырғыз Республикасының елді мекендерінде сезілген жоқ. Одан кейін Қырғызстанда эпицентрінде 3 балл болған тағы екі жер сілкінісі тіркелді.

Сағат 15:04-те Ак-Таш ауылынан солтүстікке қарай 17 шақырым жерде, Каныш-Кия ауылынан солтүстік-батысқа қарай 22 шақырым жерде, Терек-Сай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 42 шақырым жерде, Баткен қаласынан солтүстікке қарай 192 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген. Елді мекендерде жерасты дүмпулері сезілген жоқ.

Сағат 16:01-де жер сілкінісі Арал ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 шақырым жерде, Теш ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 9 шақырым жерде, Сузак ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 шақырым жерде, Жалал-Абадтан оңтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде, Андижаннан солтүстік-шығысқа қарай 38 шақырым жерде жер сілкінді.

Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің күші Арал және Теш ауылдарында 2 балды құрады.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ашық дереккөз 
11 сәуір 2024 ж. 547 0