Қырғызстанда жер сілкінді

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 553 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,8. MPV Магнитудасы – 4.4. Тереңдігі – 5 шақырым. Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәлімет тіркелмеген», делінген хабарламада.
Айта кетейік, 9 қыркүйекке қараған түні Марокконың Марракеш қаласында күші 7 балдық жер сілкінісі болды. Мароккодағы жойқын жер сілкінісі құрбандарының саны 2 мыңнан асты.