Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәжікстанда жер сілкінісі болды

Тәжікстанда жер сілкінісі болды

Тәжікстанда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігі "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулерін Төтенше жағдайлар министрлігі "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 7 маусымда Астана уақытымен сағат 03:54-те тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 650 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы-10,6. MPV магнитудасы - 4,8. Тереңдігі - 35 шақырым, - делінген хабарламада.
07 маусым 2023 ж. 335 0