Түркістан облысында жер сілкінісі тіркелді

ҰЯО ГЗИ деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, жер асты дүмпулері 2023 жылғы 27 шілдеде Астана уақытымен сағат 05:52-де Шардарадан оңтүстік-шығысқа қарай 55 шақырым және Шымкент қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 155 шақырым жерде тіркелген. Магнитудасы 4,1 болады. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6.