Индонезиядағы Левотоби Лаки-Лаки жанартауы қайта оянды

Атқылау 29 шілде күні басталып, алғашқы кезеңде күл бұлты 10 шақырым биіктікке көтерілген. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ, алайда билік тұрғындар мен туристерді қауіпсіздік аймағынан тысқары шығуға қатаң тыйым салды. Дабыл деңгейі ең жоғарғы межеге дейін көтерілген, ал қауіпті аймақ радиусы жеті шақырымға дейін кеңейтілді.
Левотоби Лаки-Лаки – биіктігі 1584 метр болатын жанартау, ол көрші Левотоби Перемпуан жанартауымен бірге "егіз жанартаулар" ретінде белгілі.
Индонезия – әлемдегі ең белсенді жанартаулық аймақтардың бірі. Ел аумағында 130-дан астам белсенді жанартау бар. Бұл – Тынық мұхитының "от сақинасы" деп аталатын сейсмикалық қауіпті белдеудегі географиялық орналасуына байланысты.
Фото: baq.kz
Айта кетейік, 2024 жылдың қарашасындағы жанартау атқылауы кезінде дәл осы Левотоби Лаки-Лаки жанартауы тоғыз адамның өліміне әкеліп, ондаған тұрғын түрлі жарақат алған болатын.