Мексикада жанартау атқылады

Соңғы тәулікте ол 148 рет атқылаған. Түтіннің биіктігі 6 жарым шақырымнан асады. Жанартау ел астанасы Мехикоға жақын орналасқан. Сондықтан билік алдағы уақытта жергілікті әуежай жабылуы мүмкін екенін ескертіп отыр.
Айта кеткен жөн, Мексикада 46 белсенді жанартау бар. Соның алтауы аса қауіпті саналады.