Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Иран Ормуз бұғазын ашудың шарттарын атады

Иран Ормуз бұғазын ашудың шарттарын атады

Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жаңадан тағайындалған хатшысы Мохсен Резайдың айтуынша, АҚШ өз ұстанымын өзгертпейінше және Иран қойған талаптарды орындамайынша, бұғаз ашылмайды.
Иран АҚШ-тың талаптарды орындауы және соғысты тоқтату жөніндегі Тегеранның шарттарын қабылдауы тиіс екенін мәлімдеді. Олай болмаған жағдайда Ормуз бұғазы жабық күйінде қалады, дп хабарлады Reuters агенттігі.

Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жаңадан тағайындалған хатшысы Мохсен Резайдың айтуынша, АҚШ өз ұстанымын өзгертпейінше және Иран қойған талаптарды орындамайынша, бұғаз ашылмайды.

«Америка соғысты аяқтауы керек, Иранның бұғатталған активтерін қайтаруы керек. Сонымен қатар соғыс бүкіл аймақта, соның ішінде Ливан мен Газада тоқтауы тиіс», – деді Резай.

Ол Иран мен Оман арасында Ормуз бұғазы арқылы транзиттік маршрутқа қатысты келісім жасалған күннің өзінде, бұл құжат бұғаздың толық ашылуынан бөлек қарастырылатынын атап өтті.

Иранның Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеидің кеңесшісі Мұхаммед Мохбер де Ормуз бұғазы Иран қойған шарттар орындалмайынша ашылмайтынын мәлімдеді.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Ираннан соңғы 50 жыл ішінде келтірілген залал үшін өтемақы талап ететінін айтты. Вашингтон әзірге Тегеранның соңғы мәлімдемелеріне ресми түсініктеме берген жоқ.

Ормуз бұғазының жабық болуы әлемдік энергетикалық нарыққа әсер етуі мүмкін. Бұл су жолы арқылы қақтығысқа дейін әлемдік мұнай мен сұйытылған табиғи газдың шамамен бестен бірі тасымалданған.

Сонымен қатар Оман шығанағы мен Қызыл теңіздегі кемелерге қатысты жаңа шабуылдар туралы ақпарат тарады. Reuters мәліметінше, Йемен жағалауындағы Баб-эль-Мандеб бұғазында шағын жүк кемесіне жасалған шабуылдан төрт экипаж мүшесі қаза тапқан. Хуситтер бұл шабуылға әзірге жауапкершілік алған жоқ.

baq.kz
Фото: baq.kz

12 тамыз 2026 ж. 29 0