Өзбекстанның туристік орталығында самокат тебуге шектеу қойылады
KAZINFORM — Өзбекстанның негізгі туристік бағыттарының бірі Бұхарада электрлі самокаттарды, скутерлерді, рикшаларды, мопедтерді, квадроциклдерді және картиңді қолдануға, сондай-ақ атпен және түйемен серуендеуге шектеулер қойылады.Шектеулер Бұхараның тарихи бөлігінде енгізіледі.
Бұхара қаласы әкімінің шешіміне сәйкес, жаңа ережелер 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
Құжатқа қарағанда, қаланың тарихи бөлігінде жолаушылар тасымалына арналмаған және Өзбекстан заңдарына сәйкес келмейтін электр көліктері, рикшалар, велосипедтер, самокаттар және басқа да көлік құралдары қаптап кеткен. Олардың ретсіз қозғалысы туристер мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпке айналған.
Осыған байланысты шектеу енгізілген жерлерге арнаулы көрсеткіштер мен жол белгілері орнатылады.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 2026 жылғы 25 тамызда бастап электросамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне тыйым салатын жаңа тәртіп күшіне енді.
Фото: UzA










