Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нептун жайлы қызықты деректер

Нептун жайлы қызықты деректер

Күн жүйесіндегі ең тылсым ғаламшар - Нептун. 8 планетаның соңғысы. Оның үстіне Күннен ең алшақ орналасқан да осы көк ғаламшар. Осы бір ерекше планета туралы қызықты мәліметті назарларыңызға ұсынамыз. Нептун - Күн жүйесінің сегізінші және күннен ең алыс орналасқан ғаламшар. Салмағы Жерден 17 есе ауыр. 1846 жылы немістің Astronomische Nachrichten журналының бас редакторы Г.Х.Шумахер Пулков обсерваторияның директоры Василий Струвеге жаңа табылған ғаламшарға "Нептун" деген атау беруді ұсынады. Ұзақ өтпестен Василий Струве осы атауға тоқтады.  Нептун - ежелгі Рим мазарындағы құдай. Нептундағы дауыл Күн жүйесіндегі өзге ғаламшарларға қарағанда әлдеқайды қуатты. Оның жылдамдығы сағатына 2000 шақырымды құрайды. Нептун - Күн жүйесіндегі ең суық ғаламшар. Жоғарғы бұлттағы температура -221С-ге дейін төмендейді.  Нептун планетасын кім ашты? Нептунның өзінде жылу көзі бар. Күннен түскен сәуледен 2,61 есе қуатты жылу бере алады.  Құпияға толы көк түсі. Ғалымдар Нептунның атмосферасы метаннан тұратынын анықтаған. Дәл осындай атмосфера Уранда да бар, алайда оның түсі көк-жасылға боялған. Нептунға жалғыз НАСА Вояджер-2 зонды жақындаған. 1989 жылы аппарат Нептунда магниттік өрістің бар екенін анықтап, бірнеше серіктерін тапқан. Уран мен Нептун, негізінен, мұздан тұрады. Әрі бұл ғаламшарларда су,аммиак және метан басым болып келеді. Сол себепті, бұл екі ғаламшардың «мұз алыптары» деген қосарлама атағы бар. Адам баласы Нептунда қоныстай алмайды. Бұл ғаламшар адам аяғы баспау үшін бар жағдайды жасаған.
https://massaget.kz


15 шілде 2019 ж. 2 263 0