Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар таңғы ас ішпеудің салдары қандай болатынын айтты

Ғалымдар таңғы ас ішпеудің салдары қандай болатынын айтты

Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы Медициналық университет ғалымдары, сонымен қатар олардың еуропалық әріптестері таңғы ас ішпеу жасөспірімдер арасында семіздіктің жоғары қаупімен байланысты екенін анықтады.

Осы мәселені зерттеген ғалымдар Еуропаның оншақты ірі қалаларында тұратын 12,5-17,5 жас аралығындағы 3528 жасөспірім туралы, сондай-ақ 14-18 жас аралығындағы бразилиялық 991 бала туралы деректерді жинап, саралады. Бұл зерттеу жұмысы ғалымдарға балалардың өмір сүру салтының, физикалық белсенділігі мен тамақтану рационының түрлі ауруларға шалдығу қаупі арасындағы байланысты жіті зерттеуге мүмкіндік берді. 
Жұмыс барысында балалардың дене массасы мен бойының индексі есепке алынды. Сонымен қатар, ғалымдар жасөспірімдердің белінің өлшемін алып, белдің бала бойына сәйкестігін де анықталды. 
Жасөспірімдердің тамақтану әдеттерін зерттей келе, таңғы ас ішпеуге дағдыланған балалар арасында семіздік белгілері жиі байқалған. Ғалымдардың айтуынша, таңғы асын ішпеген ұл балалардың белінің өлшемі, таңертең әрдайым тамақтанып жүрген балалардың белінің өлшемінен 2,13-2,61 үлкенірек болады. Ал қыздар арасында бұл көрсеткіш 1,97 сантиметрді құрады. 
https://baq.kz
24 шілде 2019 ж. 962 0