Пиджагін шешіп, бір қолға тұра қалған елші президентті күлдірді

Фотоға қарағанда, Солтүстік Македония президентінің қабылдауына келген израильдік дипломат трюкті орындау үшін пиджагін шешіпті.
"Израиль елшісі Дан Орьянның бір қолға тұрған суреті көпшілікке үлгі болып, дене шынықтырудың қандай маңызды, ал кейде күлкілі екеніне дәлел болсын", — деп жазды Пендаровски.
Атап өтсек, Пендаровски Израиль елшісімен жұма 26 шілде күні кездескен болатын. Тараптар қауіпсіздік, ғылым мен жаңа технологиялар, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ мәдениет және туризм салаларындағы экономикалық қатынастарды талқылаған еді.