АҚШ ұшқыштары өзге ғаламшарлықтарды көрген (видео)

Видеоны АҚШ теңіз күштері түсірген. Бұл құпия бейнелерді белгісіз біреу youtube-қа Gimbal және GoFast деген атпен жүктеп, бәріне қолжетімді етіп таратқан.
Видеодағы нысандар расында да өзге ғаламшарлықтар ма?
“Gimbal” аталатын видео 2004 жылы Калифорния жағалауында USS Nimitz әуекомпаниясының ұшқыштары түсірген. Екінші “GoFast”-ты 2015 жылы F/A-185F жойғыш ұшағының камерасымен түсірілген. Екі видеода да белгісіз нысандар қазіргі заманауи ұшақтардың ешқайсысы жасай алмайтын “маневрлар” жасайды.
Шынында да әскери ұшқыштар жат планеталықтарды кездестірген бе?
АҚШ Әскери-теңіз күштерінің ресми өкілі Джозеф Градишераның айтуынша, ұшқыштар жат планеталықтарды бақылады деп айту ертерек. Бірақ, олар, шынында да белгісіз нысандарды көрген. Оның не екенін ешкім түсіндіріп бере алмайды. Әскери қызметкерлер бұл құбылысты жат планеталықтармен байланыстырғысы келмейді, тек, ресми түрде белгісіз нысандарды: “анықталмаған әуе құбылыстары” деп атаған.
Өзге ғаламшарлықтардың бар екенінің дәлелі
Көптеген адамдар АҚШ қорғаныс департаментінде әскерилердің жат планеталықтарды кездестірген видеолары бар деп есептейді. Осы екі бейненің таралуы министрліктің ұзақ уақыттан бері жұмбақ құбылыстарды зерттеп келе жатқанын дәлелдейді, бірақ олар өз зерттеулерін құпия ұстайды.

Құпия базаға шабуылдауға қызығушылық танытатын адамдар екі топқа жиналған. Оның бірі Невададағы “Alienstock”, екіншісі “Storm Area 51 Basecamp”.
Бұл қызық: Әлемнің құпия 5 әскери базасы
Area 51(51-аймақ)
АҚШ-тың Невада штатында аты аңызға айналған "Зона 51" әскери-әуе базасы фантастикалық киноларда, компьютер ойындарында бірнеше рет көрсетілді. Бұл нысан туралы түрлі алып-қашпа әңгімелер таралған: "өзге ғаламшарлықтардың технологиясын зерттейтін жер, мұқым адамзатты жоқ қылып жіберетін қауіпті вирустардың отаны, генетикалық тәжірибелер ордасы" т.б.
1980 жылы физик Боб Лазар бұл аймақта жат планеталықтардың техникасы зерттеледі деп мәлімдеген. Осындай сөздердің таралуынан Пентагон кейбір құпия мәліметтерді жариялауға мәжбүр болған.

Ал біз осыған дейін 1947 жылдың маусымында Розуэлл қалашығы маңындағы Мак Брейзелдің фермасына беймәлім (БҰН) ұшатын нысан құлағаны туралы "Area 51" құпия әскери базасының сыры" атты мақала жариялаған болатынбыз.