YouTube тарихында алғаш рет бір пікір миллион лайк жинады

Әлеуметтік желі қолданушысы 5 айдай уақыт бұрын ән бейнебаяны соңына "мен тақырбас жігітпін» (bald guy) деп жазған. Ал аватарына өзінің тақырбас суретін жүктеп қойған. Бейнебаянды тамашалағандар Сет Эверманның шынайы пікірі үшін лайкты жаудырса керек?!
Сет Эверман видеохостинг басшылығына twitter желісі арқылы арнайы марапат беруді өтінді. Бірақ әлеуметтік желі тарапынан жауап берілген жоқ. Желі қолданушылары болса Сеттің пікіріне лайктарын әлі де тоқтаусыз басуда.