Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақшаны қандай валютада сақтаған дұрыс: Экономика министрі кеңес берді

Ақшаны қандай валютада сақтаған дұрыс: Экономика министрі кеңес берді

Ұлттық экономика министрі журналистермен тілдесу кезінде ақшаны теңгемен сақтау керек пе әлде долларға айырбастаған жөн бе деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Руслан Дәленовтың пікірінше, ақшаны жинақтау тәсілі әр адамда әртүрлі болады. Алайда ол әркім өз шығындарына байланысты шешім қабылдауы керек екенін алға тартты.
Министрдің пікірінше, адамның қаражатты қандай валютада жұмсайтынына да назар аударған жөн.
Егер тауарлар жиі доллармен сатылып алынатын болса, қаржының бір бөлігін осы валютаға аударып қойған абзал.
Егер шығындар теңгемен жасалатын болса, демек ақшаны ұлттық валютада сақтаған дұрыс.
Айта кету керек, министр бүгін қазақстандық бюджеттің әлемдегі мұнай бағасының ауытқуынан қорғалғанын мәлімдеді. Оған мұнайдан түскен ақшаны ел бюджетіне жіберетін арнайы әдістеме себеп болып отыр.
Сондай-ақ, министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында қазақстандықтардың зейнетақысы мен жәрдемақысы әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты индексациялануы мүмкін екені мәлім болды.
Мемлекет ел үшін маңызы аз жобаларды кейінге қалдырмақ. Себебі бұл қаражат қажет болған жағдайда әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалады.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені
өсіріп жіберді.
11 наурыз 2020 ж. 831 0