Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы жинағындағы ақшаны несиені жабу үшін пайдалануға бола ма ? Ұлттық банк жауап берді

Зейнетақы жинағындағы ақшаны несиені жабу үшін пайдалануға бола ма ? Ұлттық банк жауап берді

Қазақстанда зейнетақы жинағындағы ақшаны несиені жабу үшін пайдалануға бола ма? Бұл сұраққа жауап берген Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков жинақ ақшаны мұндай мақсатты жұмсауға қарсы екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Өз сөзінде Смоляков қазақстандықтардың барлығының зейнетақы жинағы бірдей емес екенін айтты. Оны өзге мақсаттар үшін пайдалануға рұқсат берілген жағдайда, кей азаматтар зейнетке шыққанда зейнетақысыз қалуы мүмкін, дейді.
«Өз басым бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаны несиені жабу мақсатында пайдалануға қарсымын. Өмірде түрлі жағдайлардың болатыны рас. Қаржыға байланысты қиындықтар туындағанда несие алуға тура келетін жағдайлар болады. Сонымен қатар кепілдік бар. Алған несиені ақшамен немесе кепілдікпен өтеу қажет. Алайда зейнетақы жинағындағы ақшаны зейнетке шыққаннан кейін керек болады емес пе?! Мысалы, ондағы ақшаны пайдалануға рұқсат берілетін болса, несие алған азамат бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшасын жұмсап, салдарынан кепілдіктен айырылуы мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайда зейнетақы жинағын несиені жабу үшін пайдалану қисынсыз тәрізді», - дейді Смоляков. 

http://stan.kz
16 мамыр 2019 ж. 1 116 0