Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы жинақтарын ең көп пайдаланған өңірлер аталды

Зейнетақы жинақтарын ең көп пайдаланған өңірлер аталды

2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 1 321 017 өтінішін орындаған, деп жазды Egemen.kz.

«Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (17,74%), Нұр-Сұлтан қаласының (13,52%), Маңғыстау облысының (10,40%) тұрғындары тарапынан жолданған. 2022 жылдың сәуір айында (01.04.22-30.04.22) жалпы сомасы 7,6 млрд теңгеге барлығы 3 276 өтініш орындалды», деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, уәкілетті операторлардан салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 422,0 млрд теңгеден аса қаражат қайтарылды, себебі, қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.

«Сонымен қатар, БЖЗҚ емделуге берілген 295,9 млрд теңгеге 383 191 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,8 млн теңге. Сонымен қатар, салымшылардың БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан 28,1 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат салымшының өтініші немесе өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған. 2022 жылдың сәуір айында (01.04.22-30.04.22) жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге 2 195 өтініш орындалды», деп хабарлады БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі.

2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) 8,7 млрд теңге аударылып, БЖЗҚ 5 869 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы 1,5 млн теңге.

Бұл ретте 2022 жылғы сәуірде (01.04.22-30.04.22) ИПБ-ға 0,2 млн теңге аудару жөнінде барлығы 2 өтініш берілді.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруға қатысты төрт ИПБ-мен шарт жасасты.

Айта кетейік, 8,7 млрд теңгенің 45,11% немесе 3,9 млрд теңгесі «Jusan Invest» АҚ, 28,46% немесе 2,5 млрд теңгесі «Halyk Global Markets» АҚ, 16,16% немесе 1,4 млрд теңгесі «BCC Invest» АҚ, 10,27% немесе 0,9 млрд теңгесі «Сентрас Секьюритиз» АҚ аударылды.

Естеріңізге сала кетсек, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылдың 3 ақпанындағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

«Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес, ИПБ инвестициялық басқаруды жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5% аспауы тиіс. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекітеді және ол жылына бір рет қана өзгеруі мүмкін», деп хабарлады БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі.
11 мамыр 2022 ж. 1 311 0