Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Біржолғы зейнетақы төлемдерін қалай пайдалануға болады?

Біржолғы зейнетақы төлемдерін қалай пайдалануға болады?

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі өзгеріп, тиісінше тұрғын үй жағдайын жақсартуға және (немесе) емделуге, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушыға аударуға қолжетімді қаражаттың өзгеретініне байланысты, біз жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар дайындадық.
Бұл материал өздерінің зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы шешімді жедел әрі саналы түрде қабылдауға және іске асыруға көмектеседі деп үміттенеміз.
1) 2021 жылға есептелген ең төменгі жеткіліктіліктің «ескі» шектері бойынша тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін өтінімді қай күнге дейін беруге болады?
2022 жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі (ТЖШ) ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енеді. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №875 қаулысымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін ТЖШ айқындау әдістемесіне сәйкес 2021 жылға есептелген ТЖШ қолданылу мерзімі  2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды.
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын іске асыру үшін салымшы (алушы):
1. Өз зейнетақы жинақтарын тексеріп, тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында алуға болатын зейнетақы жинақтары сомасының бар-жоғына көз жеткізуі тиіс. Мұны БЖЗҚ сайты мен мобильді қосымшасындағы жеке кабинетте және (немесе) электрондық үкіметтің мобильді қосымшасында жасауға болады.
2. Зейнетақы жинақтарының ТЖШ-тен асатын бөлігін пайдалану туралы шешім қабылдаған соң, уәкілетті оператор-банктің интернет-ресурсы арқылы біржолғы зейнетақы төлеміне алдын ала өтініш берген жөн. Бүгінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдеріне өтініштер қабылдайтын уәкілетті операторлар: «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ, емделуге – «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ. Уәкілетті оператор біржолғы зейнетақы төлеміне арналған өтінішті қарағаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді. БЖЗҚ тарапынан алуға қолжетімді сома уәкілетті оператордан электрондық хабарлама келіп түскен күнгі ТЖШ ескеріле отырып тексеріледі. БЖЗҚ уәкілетті оператордан электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті оператордағы алушының арнайы шотына біржолғы зейнетақы төлемін аударады.
09 сәуір 2022 ж. 1 402 0