Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет ауыл халқының табысын арттыруға 1 трлн теңге бағыттайды

Үкімет ауыл халқының табысын арттыруға 1 трлн теңге бағыттайды

Үкімет басшысы азаматтардың табысын арттыру бойынша мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Несиеге қолжетімділікті кеңейту есебінен ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны іске асыру басталды. Оған келесі жылға 70 млрд теңге бөлу көзделген.

Жалпы 5 жылдың ішінде осы жобаға 1 млн-нан астам ауыл тұрғынын қамти отырып, 1 трлн теңге бағыттау жоспарланып отыр. Осы жұмыс аясында барлық жеке үй шаруашылықтың жартысын кооперативтік кәсіпкерлікке тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Сонымен қатар Әлихан Смайылов қазіргі уақытта халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы одан әрі іске асырылып жатқанын атап өтті. Оның шеңберінде 3 млн-нан астам адамның жалақысы өсті. Дәрігерлердің жалақысы 30%-ға дейін, мұғалімдердікі – 25%-ға, бюджет сферасының басқа қызметкерлерінің жалақысы – 20%-ға, өндірістік персоналдың жалақысы – 10-50% аралығында көтерілген.

«Бағдарлама аясында биыл 11 айда 563 мың жаңа жұмыс орны құрылды, бұл жоспарланған көрсеткіштен 27%-ға жоғары. Бұдан басқа, Үкімет азаматтарды жұмыспен қамту бойынша іс-шараларды белсенді іске асыруда. Биыл 830 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты, соның ішінде 233 мыңы – жастар», деп жазылған Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
12 желтоқсан 2022 ж. 2 161 0