Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 14% болды

Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 14% болды

Ұлттық статистика бюросы елдегі инфляция деңгейіне қатысты ресми мәліметтер жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2023 жылдың маусымындағы қорытынды бойынша инфляция 14,6% болса, шілде қорытындысы бойынша 14%-ға тең болды.

Ал азық-түлік бағасының жылдық өсімі 13,5% болған. Айта кетері, 2022 жылы азық-түлік инфляциясы жалпы инфляция өсімінің негізі болған. Нәтижесінде елдегі инфляция деңгейі 25%-ға жетті.

Бір жыл ішінде қанттың бағасы 17,4%-ға арзандаса, қарақұмық 10,5%-ға, күнбағыс майы 4,7%-ға, сәбіз 3,4%-ға, ал картоп 1,3%-ға арзандады.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75% деңгейінде қалдырған еді.

Ұлттық банк мәліметінше, жаһандық инфляциялық қысым бәсеңдеп келеді, бірақ бірқатар елде инфляция әлі де орнықты күйінде қалып отыр. Осыған байланысты дамыған елдердің орталық банктері монетарлық саясатты қатаңдатуда. Қазақстанда инфляцияның жылдық және айлық мәндері де баяулап келеді.
01 тамыз 2023 ж. 1 792 0